Erasmus Plus 585849-EPP-1-2017-1-UK-EPPKA2-CBHE-JP

 

Жоба № 585849- EPP-1-2017-1-UK-EPPKA2-CBHE-JP ASIAXIS «Таза ортаға арналған жылуэнергетикалық жүйелер бойынша университеттік білім беруді жетілдіру және PhD дағдыларын дамыту»

 

Жобаны Қазақстан және шет елдер тарапынан орындаушылар:

Нортумбрия университеті (Ұлы Британия, Ньюкасл)
http://www.asiaxis.eu/partners.html?partner=univpm

Кастилья Ла-Манча университеті (Испания, Альбасет)
http://www.asiaxis.eu/partners.html?partner=unn

Марке политехникалық университеті (Италия, Анкона)
http://www.asiaxis.eu/partners.html?partner=uclm

Пекин технологиялық институты (Қытай, Пекин)
http://www.asiaxis.eu/partners.html?partner=bit

Харбин инженерлік университеті (Қытай, Харбин)
http://www.asiaxis.eu/partners.html?partner=heu

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Қазақстан, Павлодар)
http://www.asiaxis.eu/partners.html?partner=psu

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Қазақстан, Астана)
http://www.asiaxis.eu/partners.html?partner=katu

Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті
(Ресей, Челябинск)
http://www.asiaxis.eu/partners.html?partner=susu

Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Ресей, Мәскеу)
http://www.asiaxis.eu/partners.html?partner=bmstu

 

Жоба үйлестірушісі және жетекші бас ұйым:

Политехнический университет Марке (Италия, Анкона)

 

Жобаны орындау кезеңдері:

– бірінші кезең – 2017 – 2018 оқу жылы;

– екінші кезең – 2018 – 2019 оқу жылы;

– үшінші этап – 2019 – 2020 оқу жылы.

 

Жобаның мақсаты:

қолданыстағы білім беру бағдарламасын терең жаңғырту, білім беру және оқыту сапасын арттыру болып табылады. Ол қолданыстағы оқу және оқыту құралдарын, әдіснамалар мен педагогикалық тәсілдерін жетілдіруді және қолдануды қамтиды. Бұл білім алушылар үшін виртуалды ұтқырлықты енгізе отырып және оларды компанияларға іс жүзінде орналастыра отырып, оқыту нәтижелері мен АКТ-ға негізделген әдістерді жаңғыртуды қамтитын болады.

 

Жобаның нақты міндеттері:

1. Еуропалық Одақ (ЕО) университеттерінде білім берудің модульдері мен әдістерін әзірлеудегі озық тәжірибесімен серіктес-университеттердегі академиялық қызметкерлерді таныстыру.

2. Серіктес-университеттердегі бакалавриат және магистратура білім алушылары үшін негізгі модульдердің құрылымын, мазмұнын, оқыту нәтижелерін мен оқыту әдістерін ЕО деңгейіне сәйкес келетін сапа деңгейіне дейін жаңғырту. Сонымен қатар, студенттерге жаңа зерттеу және іздену жобалар ұсынылады.

3. Жаңартылған модульдер мен оқыту әдістерін, сондай-ақ тәжірибені серіктес-университеттерінде енгізу.

4. Мансап мақсаттарына қол жеткізу және халықаралық қоғамдастыққа үздік ықпалдасу үшін PhD докторанттарының даму дағдыларын жетілдіру.

5. Жаңартылған модульдер мазмұнының, олардың оқыту әдістерінің және емтихан өткізу рәсімдерінің сапасын стандартталған бақылауды енгізу.

6. Серіктес-университеттердегі дидактикалық материалдары мен оқыту әдістері қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану және сапасын қамтамасыз ету бойынша ЕО талаптарын қанағаттандыруын қамтамасыз ету арқылы білім беру сапасын арттыру.

7. Университеттерді, өнеркәсіптік компанияларды, әкімшілік және мемлекеттік органдарды қоса алғанда, серіктес елдер мен ЕО жоғары сапалы жобалар желісін дамыту.

8. ІЖҚ қазіргі заманғы технологиялары туралы кеңейтілген білімі бар түлектерді ұлттық және халықаралық деңгейлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жақсарту.

 

Жобаны орындау үшін келесі команда құрылды:

- Жобаны үйлестіруші және әзірлеуші - Абишев Кайратолла Кайроллинович, Металлургия машина жасау және көлік факультетінің деканы, үйлестіруші;

- Жобаны үйлестіруші және әзірлеуші - Абишев Кайратолла Кайроллинович, Металлургия машина жасау және көлік факультетінің деканы, үйлестіруші;

- Жобаны әзірлеуші - Каракаев Абылхан Космурзаевич, «Көліктік техника и логистика» кафедрасының профессоры;

- Жобаны әзірлеуші - Касенов Асылбек Жумабекович, оқу жұмысы бойынша декан орынбасары;

- Жобаны әзірлеуші - Сембаев Нурболат Сакенович, «Көліктік техника и логистика» кафедрасының меңгерушісі;

- Жобаны әзірлеуші - Муканов Руслан Батырбекович, ғылым және инновациялық технологиялары бөлімінің бастығы;

- Жобаны әзірлеуші - Ахметов Серик Имангалиевич – «Көлік, көлік техникасы и технологиялары» мамандығының PhD докторанты;

- Жобаны әзірлеуші - Есаулков Валерий Сергеевич – «Көлік, көлік техникасы и технологиялары» мамндығының магистранты;

- Жобаның менеджері - Татенова Алия Канатовна, жоспар-қаржы бөлімінің бастығы;

- Байланысатын тұлға - Казыбаева Самал Мерекеевна, халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы.

 

Астанада өткен алғашқы кездесу

Жобаның алдын ала мониторингі

Анконада өткен екінші жұмыс кездесуі

Қазақстандағы Эразмус+ жобалары нәтижелерінің көрмесі

Москвада өткен үшінші жұмыс кездесуі

Келесі жұмыс кездесуі

 

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.