2018 жылдың 2 тамызынан бері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті археологиялық зертеулер орталығының мамандары Май ауданы Ақшиман ауылдық октугінің аумағы мен Қалмақ Қырылған ескерткішінде зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тас дәуіріне жататын Шатырбұлақ тұрағы, қола дәуіріне жататын Шатырбұлақ 2 қорымы, ерте тас дәуіріне тиесілі Бұзауқоры 1-3 қоныстары, Қалмақ Қырылған кешені ашылды.
Қалмақ Қырылған жерінің аумағынан тас кетпендердің алғашқы формалары табылды. Сонымен қатар, тастан қашалған құрбан шалу орны зерттелді.
Шатырбұлақ тұрағының аумағынан неолит-энеолит кезеңінің макролиттері мен жаңқалары табылды. Ашық сұр түсті яшма тәрізді тау жынысы атбасар типіндегі индустрия түрінде көрініс тапқан, материаллар ерте неолит және мезолит дәуіріндегі жәдігерлерге ұқсас.
Дамыған қола дәуіріне тиесілі Шатырбұлақ 2 қорымынан балалар молаларының қалдықтары табылды.
Алакөл атасу және Федоров-Нұра мәдениетіне тиесілі қола дәуірінің тағы екі қорымы Қосбұлақ бұлағының маңынан табылды.
Металлургиялық жұмыстардың іздері бар қоныс нысандары табылды. Бұл жерден тас кетпендер, ұршықтар, егеутастар, қыш қалдықтары, жебелердің ұштары, торевтика үлгілері, фаянс ыдыстар мен өзге заттар шоғырланған.
Археологиялық ескерткіштерді іздеуде жергілікті тұрғындар көмектесуде. Азаматтар тарихи мұраы мол жерлердің тарихымен таныстыруда.
Мәселен, алдын ала болжам бойынша көне қазба орындарында садақ немесе өзге қарумен өлтірілген руда қазушыларлың қалдықтары жатыр. Себебі, адам бассүейгі мен сүйектерінде жарақаттар байқалады. Ал маңынан жебелердің қол ұштары табылды.
Қазіргі таңда бұл жобаға тас өнері бойынша мамандар тартылды. Олардың көмегімен жаңа ескерткіштер табылды. Осылайша, археологиялық ескерткіштерді құпиясы ашылып, нысандарды жаңа туристік маршрутқа қосуға мүмкіндік туды.