Деректерге сүйенсек, Қазақстан халқының 4 миллионын жастар, яғни 14-29 жас аралығындағы қыз-жігіттер құрайды. Бұл ел халқының шамамен 22 пайызына тең. Отанымыздың болашағы осы жастармен байланысты екенін ескерсек, Елбасының "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" тақырыбында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы өте құптарлық қадам. Мемлекет басшысының күні кеше ғана «Жастар жылының» салтанатты ашылуына қатысып, баршамызға сәттілік тілеуі – жастарға яғни бізге зор сенім артқандығының, жақсылыққа қанаттандырғанының көрінісі.

Елімізде жастарға толыққанды жағдай жасалып отыр. Қала жастары да, ауыл жастары да мемлекет қолдауының игілігін көруде. Бүгінде олар мемлекеттік істерге араласып, бизнеспен айналысуда. Шет елдердің үздік университеттерінде оқуға мүмкіндік алуда. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін де барлық жағдай жасалған. Ендеше Елбасы артқан сенімді ақтау үшін аянбайық, достар!

Бекзат ҚАРАТАЙ,
Павлодар қаласы "Нұр Отан" партиясы
"Жас Отан" жастар қанатының белсендісі