С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күніне орай «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ - қоғамдық сананы жаңғырту арқылы» атты өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті.
Ұйымдастырушы Павлодар облысы әкімі аппараты, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің департаменті және «Хабар» агенттігі болды.
Форумға 150-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Марат Қаттаубаев, университеттің ғалымдары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері мен студенттер бар.
Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі мәселелері мен әдістері, соның ішінде қылмыстық және әкімшілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру тақырыбы талқыланды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша аймақтық БАҚ өкілдері арасында жарияланған үздік журналистік жұмыс байқауының қорытындысы шығарылды. Сонымен қатар, осы салаға өз үлесін қосып жүрген бірқатар азамат марапатталды.
Кездесу соңында университеттің филармониясының шығармашылық ұжымдары мен әншілері «Адал бол» әнін орындады, оның авторлары С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің студенті.
Қорытындылай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Кабиева бүгінгі форум мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысына жаңа серпін беретінін және дәстүрлі болуға тиіс екенін атап өтті.