ПМУ-да «Кино - тарихи қайнар» киноклубының кезекті отырысы өтті. Киноға әуесқой жандар бұл жолы «Игла» («Қазақфильм», 1988) фильміне, әсіресе, Виктор Цойдың шығармашылығына ерекше тоқталды.
Киноклубтың жетекшісі, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Аслан Әзербаев қазіргі жастар аңыз –адам Виктор Цой жайлы бірнеше өлеңдерінен және кинохроникадағы біршама кадрлар арқылы танып біледі, ал осы тұлғаның шынайы қандай екенін елестете көрмеген деп атап өтті.
«Цой өз кезегінде сол кездегі мәселелерді белгілеп, оларға назар аудартқан, сол заманның дауысымен жаһандық өзгерістерді алдын-ала ескерткен әлеуметтік «мессие» ретінде танылды. Ол адамдарды мінсіз етіп суреттемеді, өз заманының адамдарын ақтамады, ол әлеуметтік –мәдени, қоғамның рухани жағдайын айқындады, - деп айтты Аслан Дыбысбекұлы»
Виктор Цой дарынды музыкант, ақын, суретші, Ленинградтың рок-клубтың өзіндік өкілі, танымал «Кино» рок-тобының негізін салушы. Сонымен қатар, ол «Асса», «Игла», «Йя хха!» және т.б жұмыстарымен танымал болды.
«Игла» фильмі 1980 жылдардың екінші жартысындағы өмірді ашады. Бұл қалтқысыз өмірдің, жарқын қазіргі уақыт пен болашақтың суретемесі.
Фильм «Игла» раскрывает жизнь второй половины 1980-х годов. Это не привычная картина о безоблачной жизни, о светлом настоящем и будущем. Фильмде нашақорлық, жауапкершілік, махаббат, достық, тіпті Арал теңізінің экологиялық апаты жайындағы мәселелер көтерілді.
Фильмнің көптеген эпизодтарында сол кездегі теле- және радиохабарлардың көрсетілімдері қолданылды. Олардың фильмнің сюжеті мен оқиғаларына қатысы жоқ. Осылайша, режиссер өтіп бара жатқан кеңес дәуірінің рухын білдіріп, әрекетті нақты орын мен уақытта байланыстырды.
Картина кеңестік прокаттың көшін бастады. «Игла» фильмі шыққан жылы оны 14 миллионнан астам көрермен тамашалады.
«Кеңес экраны» журналының сауалнамалары бойынша Виктор Цой «Игла» фильмінде Моро рөлі үшін 1989 жылы үздік актер атанды.
Кезедсу барысында кино жанашырлары Виктор Цойдың шығармашылығына қызығушылық танытты. «Игла» фильмі ерекше қабылданды. Біреулері 80-жылдардағы өмірдің бейнесін көрсе, екіншілері мықты тұлға жайлы режиссердің терең философиялық ойын байқады.
Виктор Цой әрқашан жарқын, тарихи тұлға болып қалады. Оның шығармашылығы – классикаға айналған тарихи қайнар.