С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнін тойлады.
С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің ерлер қауымы жыл сайын нәзік жанды әріптестерін таланттарымен, жаңашыл ойларымен шатыққа бөлеп келеді. Бұл жылы да ер азаматтар мерекелік құттықтауларымен әріптестерінің көңілінен шықты.
С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, с.ғ.д., профессор Арын Өрсариев нәзік жанды профессор-оқытушылар қауымы мен қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады. Университет басшысы әйелдер қауымының жоғары оқу орнының өркендеуіне әрі білім мен ғылым саласына қосып отырған үлестерін ерекше атап өтті.
– Ұжымымызда еңбек етіп жүрген 900-ге жуық нәзік жанды әріптестеріміз С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің іргелі білім және ғылым ордасы болуына өз септігін тигізуде. Сондай-ақ, бүгінгі күні оқу орнының 3500-ге жуық бойжеткен білім алушылары сіздер берген білік пен тағлымды арқалап қоғамның әр саласына аттанады. Міне, Павлодар мемлекеттік университетінің нәзік жанды арулары өңіріміздің, еліміздің жаңғыруына өз қолтаңбасын қосып, білікті маман дайындап қана қоймай, қоғамдағы саналы ұрпақтың өсуіне, салиқалы азаматтың қалыптасуына атсалысуда, – деді Арын Амангелдіұлы.
Мерекелік кеште әр факультеттің сұлулары мен кербездері сынға түсетін «Көктем аруы – 2017» байқауының финалы өтті. Байқау нәтижесі бойынша гуманитарлық-педагогикалық факультеттің аруы – биылғы көктемнің көріктісі деп танылды.
Кеш барысында әйел затының қыр-сырына қанық ететін викториналық ойындар ойнатылып, байқаулар өткізді. Мәселен, әйелдер туфлиінің ең биік өкшесін анықтайтын байқауда қыздар баығын сынады. Бұл сайыста ПМУ бухгалтері Зинаида Дмитриева биік өкшелі аяқ киімімен көптен озық болды.
Композитор, С. Торйағыров атындағы ПМУ профессоры Назымбек Дүкенбай сүйкімді де көрікті әріптестеріне арнап өзінің авторлық әнін орындап, ғылым және инновация департаментінің басшысы Александр Свидерский сұлу әріптестеріне әдемі ән арнады.
Сонымен бірге, мерекелік кеште агротехнологиялық факультеттің өкілі Төлеген Көпжасаров пен әскери кафедрасының ерлері атынан Медет Кәрімов аяулы ханымдарға музыкалық тарту сыйлады.