Ақын Римма Казакованың жырындағы «Мы все кому-нибудь нужны...» жолдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен әдеби кештің тақырыбына арқау болды.
Дүние есігін ашқан қызына ата-аналары Рэмо – Революция есімін береді. Жиырмаға толғанда ол өз есімін Римма деп өзгертеді.
Римма Казакова – көптеген өлеңдер жинағының авторы, сонымен бірге, жақын және алыс шетел тілдерінен аудармалар жасаумен айналысқан.
Римма Казакованың өлеңдеріне танымал композиторлар ән жазған. Халық арасында оның махаббат сезіміне арналған жалынды жыр жолдарынан туындаған әндерін Александр Серовтің («Мадонна», «Ты меня любишь»), Алла Пугачева мен Ирина Аллегрованың орындауында танымал болды.
Рима Казакованың жиырма үш жасында бірінші өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
Р. Казакованың ызғарлы Хабаровск өлкесіндегі тайгалық тіршілігінде ақынның өмірлік білімі мен түсінігі қалыптасты. Ол кәсібіне сәйкес әртүрлі адамдармен қарым-қатынаста болып, жиі жолсапарларда жүруіне тура келді. «1964 жылы Қиыр Шығыста болғанымда, барлық жатақханалар мен мәдениет үйлерінде оның өлеңдер жолдарынан алынған үзінділер қабырғаларға жапсырылып тастағанын көрдім. Мәскеуде де оның атағы жер жарып тұрды. Ол көзі тірісінде ашық жарқын жан еді, бүгінде оның ақ пейілді көңілі өлеңдерінде өмір кешуде», – дейді орыстың белгілі ақыны Татьяна Кузовлева.
Кітапхананың көркем әдебиет бөлімінің меңгерушісі Елена Лиханованың айтуынша, Римма Казакова өз дәуірінің ақыны болды, жырлары лирикаға, сезімге толы, азаматтық шынайылықпен бедерленді.
«Римма Казакованың поэзиясы бүгінге дейін өзектілігінен айырылған жоқ. Оқырмандар оның өлеңдерін жатқа білді. Өкінішке орай, миллиондаған жұрт оның сөзіне жазылған әндерді шырқап жүріп, сөзі кімдікі екенініен хабарсыз болды. Нәзік пернелі әуен, көңіл толқыны, ғашықтық сезім қай дәуірдің өкіліне де таңсық емес», – деді Елена Анатольевна.