С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде дәстүрлі «Social Fair» қайырымдылық жәрмеңкесі болды. Биылғы жылғы шара Enactus PSU студенттік командасының үш жылдығын мерекелеу қарсаңында өтті.
Бұл күні сауда жасаушылар жәрмеңке алаңынан қол өнер туындылары мен дәмді де тәтті үй тағамдарын сатып ала алды.
Сатылған өнімдер мен бұйымдардан түскен қаражат «Самал» балаларды оңалту орталығы жүзеге асырып жатқан «Преодоление» әлеуметтік жобасын дамытуға жұмсалады.
Шараға алғаш мәрте жоғары оқу орнының студенттік ұйымдары атсалысты: Жас Отан, Жастар ісі жөнідегі комитеті, ЭКСПО-2017 волонтерлерді дайындау орталығы, PR team PSU және «Орион» дебаттық клубы.
Сонымен бірге, бұл жәрмеңкеге қаламыздың қолөнер шеберлері өздерінің еңбектерімен үлестерін қосты. Бұдан өзге, «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілері де өздерінің қолдарынан жасаған бұйымдарын саудаға салды.
Жәрмеңке талабына сай әрбір ұйым түскен қаржының 20 пайызын «Преодоление» әлеуметтік жобасының дамуына табыс етеді.
Аталмыш жобаны 2015 жылы Enactus PSU командасының оңалту орталығының тәрбиеленушілерімен бірлесе жасаған болатын. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырады, жігерлендіре түседі.
«Өзінің физикалық мүмкіндіктеріне, жағдайына қарамастан әр адам өз мүмкіндігін жүзеге асыра алады. «Самал» орталығының тәрбиеленушілері – өте дарынды және шығармашыл балалар. Олар өздерінің жұмыстарын бар ынта-жігерімен жасайды. Ал, біз олардың шығармашылық арқылы кәсіпкерлікті игеруіне көмектескіміз келеді», – дейді жәрмеңкені ұйымдастырушылардың бірі, Enactus PSU командасының мүшесі Мадина Дюсекина.