Тұңғыш Президент күнін тойлау қарсаңында студенттер конфессияаралық қарым-қатынастарды сараптау және дамыту орталығының өкілдерімен кездесті.
Кездесудің тақырыбы – жастар арасындағы діни сауаттылықты арттыру, терроризм мен экстремизмнің алдын алу шаралары. Шара С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаментінің ұйымдастыруымен өтті.
Кездесуде студенттер өздерін мазалаған сауалдарына жауап алды, айтулы тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды.
Орталықтың жетекшісі Гүлназ Раздықова өз баяндамасында жастарға радикалды діни ағымдардың қауіптілігі, олардың жастарды өзіне тарту жолдарының әдістері мен жолдары туралы кеңестер берді.
Кездесудің құрметті қонағы ретінде облыстың дін істері бойынша басқармасының басшысы Дәулет Закарьянов келді. Дәулет Қоқанұлы студенттер мен магистранттарды мерекелерімен құттықтап, жастарды Қазақстан аумағында мекен ететін өзге діндер мен ұлттардың өкілдеріне төзімділік танытуға шақырды.
Конфессияаралық қарым-қатынастарды сараптау және дамыту орталығының теологы Рауан Чингужанов өз сөзінде бүгінгі күні адамдар өздерінің діни білімдерін жетілдіруі тиіс екенін айтты: «Біртұтас халық ретінде ғана біз қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің қатырынан көріне аламыз», – деді Рауан Жұмабекұлы.
«Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к., қауымд. профессор Майра Қожамжарқызының мәлімдеуінше, аталмыш кездесу дөп уақытында өткен шара. Өйткені, ПМУ қабырғасында діни ахуалы өршіп тұрған елдердің, қалалардың жас өкілдері білім алуда.
«Өзге діндерге діни төзімділік туралы айту керек, дәстүрлі діндер мен жаңа діни қозғалыстардың айырмашылығы турасында нақты түсінік беру қажет. Мұндай семинарлардың басты мақсаты – экстремизм бағытын ұстанушылардың ықпалынан студенттерді қорғап қалу», – дейді Майра Жанайдарқызы.
Сонымен қатар, экстремистік ұйымдардың ықпалына түскендер, басқа да хабарласқысы келген студенттер сенім қызметтерімен байланыса алады.
Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған осы сынды семинарларды өткізу жоспарда бар.