С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Мәшһүртану орталығының мұрындық болуымен «Бір тұғыр – қос қанат» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілі және ағылшын тілдерінің тілдік ортасының қалыптасуы мақсатында мектеп алды мекемелерінің ұстаздары арнайы лексикалық жаттығулар және коммуниактивті жағдайларды модельдеуден тұратын авторлық бағдарламалар, әдістемелік ұсыныстар дайындады.
Семинар білім мен ғылым қызметкерлерінің көптілділікті оқыту бағытындағы еңбектерінің күшін жұмылдыруды мақсат етті.
Орталық жетекшісі Найлә Анафинаның айтуынша, еліміздің заманауи көптілді ортасында мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің ана тілі мен мәдениетіне жақын болуына әртүрлі мәдениет пен тілдердің ықпалы арта түседі. «Балалардың ерте жасынан өзіндік және басқа да мәдениеттерді қабылдауы болашақта ұлттық тәрбиені бойына сіңіруге және көпұлтты ынтымақтастықты түйсінуге жол ашады».
Семинар тыңдаушылары аса қызығушылықпен «Күн шуақ» балабақшасының әдіскері Г. Оразалинова мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыретінің қалыптасуы туралы баяндамасын тыңдады. Ал, мектеп жасына дейінгі балдырғандарды ағылшын тіліне оқытудың әдістемесі жөнінде «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары Б. Қуанышева және А. Каббасова баяндап берді.
Бұдан өзге, семинар барысында жақын және алыс шетел қонақтары онлайн баяндамаларын оқыды: жазушы, Крайстчерч қаласының тұрғыны Елена Голубкова Жаңа Зеландиядағы көптілділік тәжербиесімен бөлісті. Сонымен қатар, әріптестер арасындағы талқылауға ф.ғ.к, Ресей Ғылым академиясының тілдер институтының (Мәскеу қ.) аға ғылыми қызметкері Анна Мурадова да араласып, тың пікірлерімен алмасты.
Жиылғандар алдында Павлодар педагогикалық мемлекеттік университетінің кәсіптік оқытудың теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Г. Алинова «Жаңажылдық таңғажайып» шеберлік сыныбын өткізді.