Қазан айының соңғы күндері Павлодар мемлекеттік университеті ғылыми басылымдарда жариялану және ағылшын тілінде оқу бағдарламаларын жасау бойынша кеңес беру мақсатында шақырылған сарапшы, доктор Хафез Абдоны қонақ етті.
Хафез Абдо Ноттингем Трент (Nottingham Trent University) университетінде ұстаздық етеді және «Energy Research Journal» басылымының редакторы. Доктор Абдо ғылыми мақалалардың мәтінін құрастыру турасында түсініктеме берді. Оның айтуынша, кез келген ғылыми мақала үшін мақала атауы өте маңызды. «Мақала жазу барысында сараптама жасап отырып, шешімге келу қажет. Егер мақаланы қорытындылай келе біз басында қойылған сауалға жауап алсақ, онда мақаланың сәтті шыққаны. Бұдан өзге, белгілі басылымның мақалаға қоятын талаптарын ескеру керек», – деп сөзін тарқатты доктор Х. Абдо.
Абдо мырзаның сөзінше, мақаланы ірі ғылыми басылымға жібермес бұрын лексикалық бірліктердің саны бойынша талаптарға сай екендігін тексеру қажет. Мұнымен қоса, мақаланың тақырыбы қаншалықты ашылығандығын және қолданылған ақпараттың дәлдігін бағалап, бағамдап алған жөн.
Хафез Абдоның ескеруінше, ғылыми мақалалар жазудың негізгі талаптарының бірі – плагиат, бір мақаланы бірнеше басылымға беру, ғылыми ақпараттың фабрикациясы (ойдан шығарылған) сынды этикалық қалыптарын сақтау.
Доктор Абдо мақаланың объективті және құрылымдық сыналуына автор дайын болу қажет екегндігін ескеріп өтті. Оның айтуынша, мақалаға, мақаланың сызбасына, қайта басылып шыққан нұсқасына әріптестердің баға беруінде тұрған еш әбестік жоқ. Мұндай қадам объективті нәтижеге қол жеткізу үшін мақаланың әлсіз тұстарын аңғруға, қажет болса өзгертуге жол салады.
Қонақ өз сөзінде мақала жазу барысындағы әріптестік жұмыс мақаланың маңыздылығын төмендетпей, керісінше оның салмағын және жариялану бағасын арттыратынын айтып өтті.