Жуырда C. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің педагогика және психология мамандығы бойынша білім алып жүрген магистранттары магистрлік диссертацияларын сәтті қорғап шықты.
Қорғау психология және педагогика кафедрасының филиалы – Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде ашық түрде өтті.
Мемлекеттік аттестациялық комиссияның әділ бағасына кафедраның төрт магистранты өз жұмыстарын ұсынды. Олар магистрлік жұмысын ағылшын тілінде қорғады.
Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Елена Бурдинаның мәлімдеуінше, түлектердің магистрлік жұмыстарын орындау барысында қол жеткізген қызықты да құнды ғылыми материалдары олардың кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне айғақ бола алды.
– Негізгі нәтижелер республикалық және халықаралық конференцияларда паш етіліп, белгілі сала бойынша беделді басылымдарда жарияланады. Біздің магистранттардың оқуын тәмамдағанда онға жуық, кейде одан да көп жарияланымдары болады. Әрбір жоғары оқу орны мұндай көрсеткіштерімен мақтана алмасы анық, – дейді Елена Ивановна.
Магистранттардың жұмысын әділ де жан-жақты бағалау мақсатында мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысына кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамынан өзге педагогика мен психология саласындағы білікті де белгілі маман саналатын колледж оқытушылары қатысты. МАК төрелігін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы басшысы, п.ғ.к. Бұлғын Жалмағамбетова атқарды.
Магистрлік диссертацияларды қорғау барысында түлектер, олардың рецензенттері және ғылыми жетекшілері өз баяндамаларын ұысынды. Әсіресе, қорғаушылардың ғылыми эксперименттері мен қол жеткізген нәтижелерінің қолданбалы мағынасы жиылғандардың қызығушылығын арттырды.