С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысының жас судьялар кеңесі жария еткен Павлодар облысы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы байқау қорытындыланды.
Үздік эссе байқауы Қазақстанда құқықтық дауларды реттеу үшін татуластыру рәсімдерінің қалыптасуы мен дамуының келешегі тақырыбына арқау болды.
Жеңімпаздарды Павлодар қалалық сотының судъялары, адвокаттар алқасы мен медиаторлар ұлттық палатасының өкілдері, ЖОО оқытушыларынан құралған сараптамалық кеңес бағалады.
Байқаудың жеңімпазы үшінші курс студенті Елена Бреус атанды. Ал төртінші курс студенті Темірлан Ахметовтың жұмысы өзектілігі мен тақырыбының өзіндік көзқарасы үшін қазылар тарапынан ерекше ықыласқа ие болып, құрмет грамотасымен марапатталды.
Және де жұмысының жаңашылдығымен көзге түскен Қт-301 тобының студенттері Жангүл Силам және Альбина Молгаждарова алғыс хаттармен марапатталды.
Кездесу барысында студенттер Павлодар облыстық сотының судьясы – оқу орталығының жетекшісі Г. Жаппароваға және Павлодар қалалық сотының төрағасы Т. Тағажайға сауалдарын қойып, кәсіби кеңестер де алды.
Сонымен қатар, қатысушылар татуластыру рәсімінің институтын дамыту үшін азаматтардың құқықтық сауаттылығын жетілдіруге, кәсіпкерлер мен кейбір заңгерлерді татуластыру рәсімінің артықшылығын ақпараттындыру қажет деген пікірге келді.
«Байқау нәтижесінде кейбір студенттеріміз тақырыпты зерделеп, келешекте медиатор болуға, сот алдына дейінгі татуластыру рәсімін дамытуға, қоғамда жанжалсыз мәселені шешу бойынша көмек көрсетуге ниет білдірді», – деп түйіндеді «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Гүлнар Ахмеджанова.