С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қабырғасында «Адвокаттық қызмет – прогрессивті және белсенді заңгерлер қызметі» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында адвокаттық қоғамдастықтың ұстанымдарын нығайту, қоғамдағы оның рөлін күшейту, басқа құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесудің тиімді жүйесін қалыптастыру, қазақстандық қоғамның демократиялық және құқықтық жетістіктерін қорғау қажеттілігі туралы мәселелер қозғалды.
Дөңгелек үстел жұмысына Павлодар қаласының № 2 заңгерлік кеңесінің меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбекова, белгілі адвокаттар Лейла Абдреисова, Айнаш Кулбаева, сондай-ақ, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың құқықтану кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Мұнымен қоса, қатысушылар адвокат мамандығының беделі, студенттердің адвокаттық тәжірибесі, құқық мамандығының түлектерін жұмысқа орналастыру, жұмыс берушінің жас мамандарға қоятын талаптары және т.б. өзекті мәселелерді талқыға салды.
Құқықтану кафедарсының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Гүлнар Ахмеджанованың айтуынша, бүгінде білікті және кәсіби сауатты құқықтық көмек көрсете алатын мамандарды даярлау мәселесі аса өзекті болып отыр.
– Құқық саласының мамандары демократия мен құқықтық сауаттылықты қоғамды толықтай қамтамасыз ететін кепіл болып табылады. Сондықтан, құқық саласының мамандарын даярлау кезінде демократиялық принциптерге, жалпыадамдық құндылықтар мен елдегі халықтық дәстүрлерге негіздейтін мемлекеттің тең құқықты және тең міндетті азаматтарының жиынтығын құрайтын Қазақстанның көпұлтты мемлекет екені назарда болуы қажет, – дейді Гүлнар Бисенғазықызы.
Дөңгелек үстел қатысушылары пікір-талас уақытында адвокатура беделін арттыру және заңдылықты қамтамасыз етудегі оның рөлі осы уақытта азаматтық қоғамдағы адамның мәртебесімен тікелей байланыста деген қорытындыға келді.