2014 жылдың 15 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ашық есік күні «Қазақстан алюминийі» Акционерлік Қоғамында өтті.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру және келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет деп атап кеткен болатын.
Жолдаудың айшықты сөздеріне сәйкес С.Торайғыров атындағы ПМУ өзінің Ашық есік күнін өңіріміздегі ірі кәсіпорындарда өткізуді қолға алуда.
Жоғары оқу орнына түсу, құжаттар қабылдау мерзімі мен ережелері туралы ақпаратты Павлодар мемлекеттік университетінің «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Айжан Кудерина баяндап берді.
Іс-шара барысында т.ғ.д., профессор Игорь Захаров, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Латвияға барып келген Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 3 курс студенті Иван Давыденко жиналған қауымды ПМУ-дың ғылыми-зерттеу, мәдени және қоғамдық өмірі ерекшеліктерімен таныстырды.
Шара барысында болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарының назарына өңіріміздегі алғашқы әрі көшбасшы жоғары мектеп – С.Торайғыров атындағы ПМУ туралы, оқу орданың тренді, мамандықтары оның ішінде индустриялық аймағымызға қажетті техникалық мамандықтарды паш ететін бейнефильм ұсынылды. С. Торайғыров атындағы ПМУ Павлодар облысы еліміздің индустриалды орталығы екенін ескере келе, техникалық мамандықтарға баса назар аударуды жөн көрді. Өйткені, бұл аймақ – ТМД елдері арасындағы ең ірі экономикалық кеңістікте ауқымы зор дәстүрлі күрделі кәсіпорындар мен өнеркәсіптердің аймақтық-өндірістік кешені қалыптасқан тарихи мекен.
Кездесудың соңында «Қазақстан алюминийі» АҚ вице-президенті Мұратқазы Жанғазақов осындай іс-шара ұйымдастырған ПМУ-дың өкілдеріне шексіз алғысын білдіріп, былай деді: «Бүгінгі таңда 797 ПМУ түлегі зауытымызда адал еңбек етіп жүр, олардың 501 зауыттың басшы қызметтерін атқаруда».
Кездесуге қатысушыларды Павлодар мемлекеттік университетінің өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнерлерімен тамсандырды. Жиылғандарға С.Торайғыров атындағы ПМУ Студенттік филармониясының әншісі Әсел Құлжанова, «Мелоди» вокалды дуэт, КВН Павлодар Жастар құрамасы тамаша көңіл күй сыйлады.
Кеш соңында болашақ талапкерлер мен ата-аналар С.Торайғыров атындағы ПМУ факультеттері өкілдерінің өз ауызынан оқу ордада оқытылатын мамандықтар хақында толық мәліметтер алды.