2013 жылдың 9 ақпанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесінің отырыс залында облыс әкімі Е.М.Арын ұсынысымен құрылған, Павлодар облысы жас ғалымдар Кеңесінің (ЖҒҚ) алғашқы отырысы өтті.

Отырыс ұйымдастырушылары: Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы.

 

Кеңес жұмысының басты мақсаты: облысымыздың жас ғалымдарының кәсіби дамуының белсенділігін арттыру, облыстың әлеуметтік, экономикалық, инновациялық дамуы мен білім беру сапасының, өнер мен мәдениеттің қарқынды дамуына жас ғалымдар мен мамандардың өндірістегі, аймақаралық, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосар үлесін арттыру.

Жас ғалымдар Кеңесінің қатысушылары – облысымыздың барлық жоғары оқу орындарының жас ғалымдар Кеңестері: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ЖҒК-сі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ЖҒК-сі, Инновациялық Еуразия университетінің ЖҒК-сі, Екібастұз инженерлі-техникалық институтының ЖҒК-сі.

Павлодар облысы жас ғалымдар Кеңесінің төрайымы болып ашық түрде сайланған экономика ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті экономика кафедрасының оқытушысы, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері Сәуле Абайбекқызы өз сөздерінің бірінде, жас ғалымдардың ғылыми жобалары тек облыстық өндіріс пен экономикамен шектелмей, барша Республикамыздың дамуында өз рөлін таныта білуі қажет екенін, басып айтқан болатын.

Жастар – үлкен интеллектуалды мүмкіндікті тасымалдаушы, заманауи ғылымның алға дамуы жастармен байланысты. Мемлекеттік жастар саясаты еліміздің ғылымдағы шамасын көтеруге бағытталған. Осы себепті Павлодар облысы жастар саясаты жөніндегі басқармасының жанынан, облыс әкімі Арын Е.М. ұсынысымен құрылған жас ғалымдар Кеңесі жас таланттарды анықтап, олардың инновациалық жобалары мен идеялары базасын құруды негіздейді.