Орталық Еуропа университеті 2012/2013 оқу жылына студенттерді қабылдау жариялайды. Орталық Еуропа университеті (қысқаша ОЕУ) Венгрияның астанасы Будапешт қаласында орналасқан. ОЕУ АҚШ пен Венгрияда танылатын бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 40 факультет негізінде білім береді.
ОЕУ Венгриядағы алдыңғы қатарлы ЖОО-ның бірі, мұнда 100-ден астам мемлекеттен келген шетелдік студенттер оқиды.
ОЕУ факультеттері мен оқыту бағдарламалары (Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Нақты немесе жаратылыстану ғылымдар магистрі, Құқық магистрі, Бизнес басқару магистрі, Философия докторы, Құқық докторы): Экономика, Экология, Гендерлік ғылымдар, Тарих, Халықаралық қатынастар мен еуропалық ғылымдар, Ұлтшылдық, Құқық, Қолданбалы математика, Орта ғасырлар тарихы, Саясаттану, Жергілікті басқару, Әлеуметтану және әлеуметтік антропология, когнитивті ғылымдар (Докторантура), ОЕУ-тің бизнес мектебі (Бизнес басқару магистрі)
Стипендиялар
ОЕУ шетелдік студенттерге іштей және сырттай қаржыландырылатын стипендиялық бағдарламаларды ұсынады. Қазақстандық студенттерге стипендиялардың мынадай түрлері ұсынылады:
1. Магистранттарға арналған ОЕУ стипендияларының екі түрі бар – толық және ішінара қаржыландыру. Екі жағдайда да бұл стипендия түрі ОЕУ жатақханасында тұруға, медициналық сақтандыру және ай сайын төленетін шәкіртақы ұсынады. Екі жылдық бағдарлама бойынша білім алатын студенттерге бірінші жылдың шілде және тамыз айларында шәкіртақы төленбейді. Толық қаржыландыру шеңберінде оқу мынадай шығындарды төлейді - оқу төлемақысы, медициналық сақтандыру, жатақханада тұру және 96,000 форинт көлеміндегі ай сайынғы шәкіртақы (1 американдық доллар – 215 форинт). Ішінара қаржыландыру жоғарыда аталған барлық шығындарды төлейді, алайда айлық шәкіртақы көлемі 50,000 форинт. Студент университеттер ұсынған жатақханадан бас тартуға құқылы, алайда бұл жағдайда балама тұрғылықты орын үшін студенттер өздері төлейді. Магистратура бағдарламасы бойынша оқуға қабылданаған барлық студенттер жылына 62,700 форинт төлемақы төлеуге тиіс.
2. ОЕУ-і ұсынатын жеңілдетілген төлемақы бағдарламасы бойынша мынадай ұсыныстар жасайды:
• Оқу төлемқысынан толықтай босатылу жағдайында студент тек жатақханада тұру, тамақтандыру және жеке шығындарды төлейді.
• Ішінара босату - 80%: оқу төлемақысынң 80%-ын университет, ал қалған 20%-ын және жоғарыда айтылған шығындарды студент өзі төлейді.
• Ішінара босату - 70%: оқу төлемақысынң 70%-ын университет , ал қалған 30%-ын және жоғарыда айтылған шығындарды студент өзі төлейді.
• Ішінара босату - 60%: оқу төлемақысынң 80%-ын университет, ал қалған 40%-ын және жоғарыда айтылған шығындарды студент өзі төлейді.
• Ішінара босату - 50%: оқу төлемақысынң 80%-ын университет, ал қалған 50%-ын және жоғарыда айтылған шығындарды студент өзі төлейді.
3. Докторанттарға арналған стипендиялар.
«Докторантура» бағдарламасы бойынша құжат тапсыратын үміткерлер автоматты түрде ОЕУ-нің 3 жылға дейін қаржыландыратын докторанттарға арналған стипендиясының ықтимал иеленушілері қатарына кіреді. Толықтай қаржыландырылатын стипендия шарттары бойынша оқу төлемақысы мен медициналық сақтандырумен қатар, ай сайын 200,000 форинт көлемінде стипендия төленеді (экономикалық мамандықтар үшін стипендия көлемі 250,000 форинт). Докторанттар автоматты түрде жатақханамен қамтылмайды, алайда ақысын өздері төлейтін жатақханадағы орынға тарсырыс бере алады. Докторантура бөліміне қабылданған барлық студенттер оқу ақысын төлеуге міндетті.
4. Сыртқы стипендиялар. Еуропа университеттерінде 3 айдан 12 айға дейінгі мерзім ішінде білім алуға ниет білдірген студенттерге Еуропалық Комиссия қаржыландыратын Эразмус Мундус бағдарламасы аясында алмасу бағдарламасына қатысуға болады. Эразмус Мундус басқа елде білім алу кезіндегі барлық шығындарды өтейді.
5. ОЕУ-і түлектерінің стипендиялары қаржы көмегіне мұқтаж, қоғамдық жұмыстар мен сабақтан тыс іс-шараларда көшбасшылық танытқан студенттерге беріледі.
6. Академиялық гранттар үлгерімі өте жақсы магистаранттар мен докторанттарға беріледі.
7. Жас ғалымдарға арналған гранттар ғылыми зерттеулер жүргізуге немесе басқа университет не ғылыми орталықта біліктілігін жоғарылатуға ниет білдірген докторанттарға беріледі.