Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті және Білім беруді ақпараттандыру орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау құрметіне компьютерлік графикада бағдарламалау өнерін қолдана отырып қазақ оюларын жасау конкурсын жариялайды.

Кез келген бағдарламалау жүйесінде (графикалық редакторда емес) жасалған, оюлар салатын бағдарламалар қабылданады.

Барлық белгілі және белгісіз (Smile) оюларды құру алгоритмін (Гильберт, Серпинский қисықтары, фракталдары және т.б.) қолдануға рұқсат, динамикалық алгоритмдер құпталады.

Көрнекілік үшін мысалы ерікті оюды салу рекурсивті алгоритмді қолдануды елестейміз (қазақ емес, есепті оңайлатпау үшін).

 

Шешімі:

uses crt,graph;
var
gd,gm,mx,my:integer;
ch         :char;
procedure krug(x,y,r:integer);
begin
if r>k then
begin 
krug(x+r,y,r div 2);
krug(x,y+r,r div 2);
krug(x-r,y,r div 2); 
krug(x,y-r,r div 2);
end;
circle(x,y,r);
end;

Procedure Init; {графикалық режимді инициализациялау}
var err: integer;
begin
DetectGraph(gd,gm);
InitGraph(gd,gm,' путь драйвера');
if GraphResult<>grok then
begin  
Writeln(GraphErrorMsg(err));
Readln; Halt(1);  
end;
end
BEGIN
Init;
krug(getmaxX div 2, getmaxY div 2, getmaxY div 4);
END.

Ең жақсы 20 жұмыс университеттің көрермен жайына (бағдарлама авторы көрсетіледі) және Наурыз мерекесінде жалпы шолуға ұсынылады, ал Жеңімпаздарды қымбат сыйлықтар мен қадірлеу күтіп тұр!

Жұмыс тапсыру мерзімі 2011 жылдың 19 наурызына дейін бастапқы және орындалған түрінде А1-110 каб., жауапты – Рақым Олжас Жұмағалиұлы.

 

БІЗ СІЗДЕРДІҢ ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗДЫ КҮТЕМІЗ!

ӨЗ ӨНЕРЛЕРІҢІЗДІ КӨРСЕТУГЕ УАҚЫТ КЕЛДІ!