Халықаралық ынтымақтастық департаментінің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша Қазіргі заман Бизнес-Академиясымен хат-хабар жүргізуінің нәтижесінде Recognition бағдарламасын Regent Business School-де (ОАР) іске асыру басталды.
Осыған орай, 2009-жылдың 4 мамырында сағ. 15.00. «Recognition» бағдарламасының презентациясы және Қазіргі заман Бизнес-Академиясының директоры А.В.Новиков мен Қазіргі заман Бизнес-Академиясының даму директоры П.А. Новгородовтың қатысуымен «Әлемдік білім кеңістігіне қадам» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Recognition – бұл С.Торайғыров атындағы студенттердің алған біліктілігін растау бағдарламасы.
Осы жыл түлектерінің, өткен жыл және басқа білім мекемелері түлектерінің дипломдары расталады. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенттерінің дипломдарын біздің серіктестермен растау мүмкіндігі ұсынылып отыр.
Бұл сертификат еңбек нарығы бәсекелестігінде түлек –студенттердің өз біліктерін арттыруға және келешектегі жұмыспен қамтамасыз етілу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Экономика, қаржы, менеджмент, басқару, маркетинг,бухгалтерлік есеп және аудит, бағалау және сақтандыру қызметі бойынша жоғары кәсіби білімі бар және осы мамандықтар бойынша оқитын студенттер ізденуші бола алады.
Regent Business School-де біліктілікті растау бізге не береді:
• Сіздің алған біліміміді Оңтүстік Африканың алдынғы қатарлы университеттерінің стандарттарына сай екенін растау;
• өз мемлекетінде және шетелде жұмысқа тұру барысында артықшылықтар;
• сіздің университеттің халықаралық бағдарламаларына түсу кезіндегі артықшылықтар;
• шетел тағылымдамалары мен конференцияларына қатысу мүмкіндігі;
• шетел периодикалық басылымдарында, сонымен қатар Regent Business School-дің Management Perspectives, A journal of management studies сияқты журналдарында өз мақалаларын шығару мүмкіндігі;
Егер сіз өз білігтілігіңізді растағыңыз келсеңіз, онда RBS-тің Қазақстандағы өкілдігіне келесі құжаттарды тапсырыңыз:
- орта балы бар құжаттарды қарастыру жөніндегі бекітілген форма бойынша өтініш;
- ПМУ-дің мөрімен бекітілген дипломның, не сынақ кітапшасының көшірмесі;
- резюме;
- ПМУ-дің мөрімен бекітілген төлқұжаттың көшірмесі;
- төлеу жөніндегі түбіртек.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті үздік студенттерді мадақтау мақсатымен ең жақсы оқитын студенттерге сертификаттарды беру мүмкіндігін қарастырып, «Recognition» қызмет көрсету келісім-шартын жасады.
Regent Business School-дің Қазақстандағы өкілдігі:
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік муниверситеті
Халықаралық ынтымақтастық департаменті
А-438; тел: 8(7182)67-36-25 (1292)