Торайғыров университетінің тұлғалық даму және білім беру кафедрасының 5 командасы "ӘРЕКЕТ-2025" бизнес-стартап жобаларының III Республикалық конкурсына қатысты.
ToU командалары түрлі бағыттарда қатысты: "IT және әлеуметтік жобалар" : "AmanCamp" - жетекшісі PhD, қауымдастырылған профессор Муршида Нұрғалиева, "Мур-Мяу" Котокафесі - жетекшісі аға оқытушы Батия Юсупова, "Ұрпақтар көпірі" - жетекшісі PhD, қауымдастырылған профессор Самал Антикеева, "Нашақор жасөспірімдерді оңалту " - жетекшісі PhD, қауымдастырылған профессор Гүлнар Қажыкенова, "MindCare" - ментальды денсаулықты қолдауға арналған мобильді қосымша" - жетекшісі PhD, қауымдастырылған профессор Анар Попандопуло.
"MindCare" командасы, құрамында психология ББ 2 курс студенті Алика Хамитжанова мен қауымдастырылған профессор Анар Попандопуло 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен бірінші орын иеленді.
– "MindCare" - психологияның ғылыми негізделген әдістерін, жасанды интеллект пен ыңғайлы интерфейсті біріктіреді, бұл пайдаланушыларға стресстен, мазасыздықтан және т.б. тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Болашақта "MindCare " пайдаланушыларға өздерінің психоэмоционалды жағдайына қамқорлық жасаудың инновациялық және дәлелді тиімді әдістерін ұсына отырып, психикалық денсаулық саласында өзіне-өзі көмек көрсетудің жетекші платформасы бола алады, - деп атап өтті жобаны жасаушылар.
ToU командалары экономика кафедрасының оқытушысы Диас Ахметовке дайындығы үшін алғыс білдіреді.
Айта кету керек, байқау Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында өтті, оған Қазақстанның түрлі өңірлері мен қалаларынан 50-ден астам команда қатысты.