Торайғыров университетінде "Қаржы орталығы" АҚ өкілдерімен кездесу өтті. 

Іс-шара мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған азаматтарды жұмысқа орналастыруға және грантты міндетті түрде өтеуге қатысты мәселелерді түсіндіруге бағытталған.


"Қаржы орталығы" АҚ Қарағанды және Павлодар қалаларының жоғары оқу орындарының түлектерімен және қызметкерлерімен кездесулер өткізу үшін мониторинг департаментінің жетекші маманы А.С. Серікқалидің сапарын ұйымдастырады.