Торайғыров университетінде "Діни сауаттылық және мәдени толеранттылық: шынайылық пен перспективалары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

 

- Мәдени толеранттылық және діни сауаттылық - бұл бос сөздер емес, үйлесімді қоғам құру қажеттілігі. Қоғамдық сананы жаңғырту діни сауаттылық пен конфессияаралық диалогсыз мүмкін емес", - деп атап өтті ToU ректорының м.а  Нұрлан Ержанов. 

Кездесу барысында радикализация белгілері, оны анықтау және достар мен таныстар арасында таралуын алдын алу, олардың деструктивті ағымдарға енуін болдырмау, постсекулярлы діншілдіктің ерекшелігі, интернет кеңістігінің жастардың діни сауаттылығындағы ролі, ақпараттық платформалардағы әлеуметтік желілердің  оң және кері мүмкіндіктері және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. 

Айта кетейік, диалог алаңы №257 ГФ 24-26/8 ИРН АР23484991 "Қазіргі заманғы Қазақстанның қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жастардың мәдени толеранттылығы мен діни сауаттылығын арттыру" мембюджеттік ғылыми-зерттеу жобасы аясында ұйымдастырылды. 

"Дөңгелек үстел" шарасында жоба жетекшісі, философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Майра Қожажмарова модераторлық етті. 

"Дөңгелек үстел" жұмысына Павлодар облыстық дін істері басқармасының басшысы  Балтабай Қаппасов, Павлодар облыстық дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қатынастарды дамыту және сараптама Орталығының директоры Гүлназ Раздықова, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі  Жұлдыз Қабиденова, философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы 
Райгүл Салимова және кіші ғылыми қызметкер  Айнаш Мажитова қатысты.