Торайғыров университетінің HR-қызметі "онбординг" форматында ЖОО-ның жаңадан келген қызметкерлерімен кездесу өткізді. 

 

HR қызметінің директоры Анара Жәкішева ToU құрылымын және ішкі нормативтік құжаттарды ұсынды. 

Коворкингте университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері де сөз сөйледі.

Семинарда лауазымдық нұсқаулықтарды реттеу, университеттің мақсаттарымен, миссиясымен, стратегиясымен танысу, білім беру порталымен жұмыс істеу, этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ Toraighyrov Media Center жұмысы сияқты тақырыптар туралы айтылды.

ToU ішімен жылдам танысу үшін жаңа әріптестерге бейне жадынама ұсынылды.