Торайғыров университетінде "Парасаттылық сағаты" бірыңғай жалпыреспубликалық акциясы өтті.
Бұл акция Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық аумағында өткізіледі.

 

 

Спикерлер ретінде университеттің комплаенс- қызметінің басшысы Жанна Матенова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Еркеғали Жанғазы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Мереке Әбдірахманов сөз сөйледі. 

Спикерлер парасаттылық – бұл қазақстандық қоғамда, оның ішінде студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті арттыруға, заңнама нормаларын, академиялық адалдықты, студент жастардың білім беру және мәдени деңгейін сақтауға ұмтылуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру екенін атап өтті. Бұл кездесу Салтанат Әубәкірова бастаған Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінің қолдауымен өтті.

Сонымен қатар, комплаенс-қызмет университетте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар болған жағдайда студенттер мен оқытушылар жүгіне алатын байланыс номерін ұсынды. 
Сіз 8 700 025 90 40 нөміріне (WhatsApp, Telegram, қоңыраулар) хабарласа аласыз