Торайғыров университеті "AVC қайырымдылық қоры" жеке қорымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 


Құжатқа қол қою рәсіміне "AVC Group" компаниясының әкімшілік директоры Талғат Ақбердиев және университет ректоры Еркін Садықов қатысты.

 

"AVC қайырымдылық қоры" жеке қоры стипендиялық бағдарламаны іске қосады, онда университеттің екінші және төртінші курс студенттері бірінші қыркүйектен бастап он ай ішінде стипендия алады. Бағдарламаға "Органикалық заттардың химиялық технологиясы", "Мұнай-газ ісі", "Автоматтандыру және басқару" білім беру бағдарламалары кіреді. Айта кету керек, AVC қайырымдылық қоры студенттерді тәжірибеге жіберуге, жұмысқа орналастыруға жетекшілік етуді жоспарлап отыр.

 

- Ынтымақтастық туралы жаңа келісім бір реттік акция емес. Ұзақ мерзімді перспективада біздің ЖОО-ның студенттері мен оқытушылары "AVC Group" – қазақстандық жетекші EPC (Engineering, Procurement, Construction) -мұнай-газ және мұнай өңдеу салаларындағы компания базасында тәжірибе ала алады, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

 

Бұдан басқа, ЖОО оқытушыларының Қазақстан бойынша және қор есебінен шетелге тағылымдамаға шығуы жоспарлануда.