Торайғыров университетінің география және туризм кафедрасы мен "CJ brand Company" компаниясының бас директоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 
Меморандум шеңберінде ЖОО ПОҚ-ын оқыту, білім алушылардың өндірістік практикалары мен тағылымдамаларынан өту жөніндегі бірлескен бағдарламаны әзірлеу және іске асыру, ғылыми кеңес беру, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу өтеді. 

 

- Болашақта мұндай ынтымақтастық мультипликативті нәтиже беруі керек. Бұл мейрамхана және қонақ үй бизнесінде неғұрлым білікті мамандарды даярлау, саладағы ғылыми-зерттеу қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер, өңіріміздің туристік тартымдылығын арттыру және т.б., - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Салтанатты қол қою рәсіміне ЖОО ректоры Еркін Садықов және мейрамхана аудиторы, ҚР-дағы бірінші мейрамхана мектебінің негізін қалаушы, Қазақстан аспаздары қауымдастығының құрметті серіктесі, Қазақстандық "БарЛига"-ның құрметті серіктесі Сейітжан Оспанов қатысты.
Меморандумға қол қойылғаннан кейін Сейітжан Оспанов кафедра қызметкерлерімен және оның студенттерімен өз қызметінің бағыттарын нақтылау және алдағы бірлескен жұмысты талқылау үшін таныстыру дәрісін өткізді.