«Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС өкілдері Торайғыров университетінің студенттері үшін мансаптық перспективалар туралы айтып берді.

«Kaz Minerals Bozshakol»компаниясы жылына 30 миллион тоннаға жуық мыс кенін өңдейді,кен орнын пайдалану мерзімі шамамен 40 жыл, орташа мыс мөлшері 0,33%. KAZ Minerals қызметінің негізгі өнімі - мыс. KAZ Minerals сонымен қатар ілеспе өнім ретінде мырыш, күміс және алтынның едәуір көлемін өндіреді.

 

KAZ Minerals bozshakol персоналды оқыту және дамыту бөлімінің мамандары Ұлжан Мұратова мен Гүлжан Омарова студенттерге компанияны таныстырып, компаниядағы Торайғыров университетінің түлектерінің мансаптық перспективалары, сондай-ақ «Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС компаниясының қаржыландыруы есебінен энергетика, Computer Science және инженерия факультеттерінің студенттерін оқыту мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Гранттық бағдарлама шеңберінде компания оқу ақысын, стипендияны, жатақханада тұру шығындарын төлеуді, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС компаниясының өндірістік объектісінде тәжірибенің сапалы базасын, сондай-ақ оқуды сәтті аяқтағаннан және сұхбаттан өткеннен кейін халықаралық компанияда жұмысқа орналастыруды ұсынады.

«Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС гранттық бағдарламасы бойынша толығырақ ақпаратты энергетика, Computer Science және инженерия факультеттерінің деканаттарынан білуге болады.