Торайғыров университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік департамент өкілдерімен кездесу өтті. 

 

-Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық бүгінде қоғамымыздың ең ауыр дертінің бірі болып қала береді. Бұл мәселеден құтылу үшін біз бұл туралы әртүрлі деңгейде сөйлесуіміз керек. Сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды бала кезінен тәрбиелеу керек. Сондықтан ToU-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық бастамаларға қолдау көрсетеді, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Кездесуде парақорлық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын басқа да сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы сұрақтар көтерілді.