ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің тапсырмасы бойынша Павлодар облысында студенттерді жатақханаларға орналастыру мәселелерін шешу бойынша жедел штаб құрылған. Өңірлік студенттік омбудсмен басшылығымен жедел штаб мүшелері өңіріміздің жоғары оқу орындарының студенттер үйлерін аралап, тексеруге кіріседі.

Мониторинг барысына Қазақстан студенттер альянсы және Ғылым және жоғары білім министрі жанындағы Студенттер кеңесі мүшелері қатысады.
 

 

Жатақханаларда орындар қандай критерийлер бойынша бөлінеді, тұру шарттары қандай? Сондай-ақ, жеке жатақханалардың жаңа оқу жылында студенттерді қабылдауға дайындығын, орындардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында университеттермен келісім-шарттар жасалатынын тексереді.

Айта кетейік, бүгінде барлық жоғары оқу орындарында студенттерді жатақханаға орналастыру бойынша ахуалдық орталық және арнайы штабтар құрылып, жұмыс істеуде. Бірінші курс студенттері алдымен жатақхана алу бойынша өзі таңдаған университетке тікелей байланысқа шығуы қажет. Әр университеттің әлеуметтік желіде орналасқан  алгоритміне сай құжаттар тапсыруы тиіс. Университеттердің Call -орталықтарына хабарласып, ақпарат ала алады.