Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XII Жазғы универсиаданың ресми ашылуы өтті. Торайғыров университеті шараға тоғызқұмалақ, үстел теннисі, баскетбол және күрес бойынша қатысуда.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Yessenov University алғаш рет өткізіп жатқан  XII Жазғы универсиада  24 мамырда басталды.

- Біздің студенттер өздерінің спорттық шеберліктерін ЖОО деңгейінде ғана емес, республикалық және халықаралық жарыстарда дәлелдеп келеді. Универсиадаға қатысу – спортшыларымыз үшін тағы бір сынақ. Бұл сынақтан абыроймен өтеміз деген үміттемін. Жастарымыз бен тәлімгерлерімізге жеңіс тілейміз, - деп атап өтті ректор Еркін Садықов.

24 маусымға дейін спорттың 17 түрі бойынша жарыстар өтеді. 20 жарыс ұйымдастырылмақ. Ауқымды шараға 55 университеттің 3000-нан астам студенті қатысуда.

Универсиаданың жабылу салтанаты 22 маусымда өтеді.

Айта кетейік, Универсиаданың жеңімпаздары XXXI Бүкіләлемдік жазғы универсиадаға жолдама алады. Шара 28-шілде мен 8-тамыз аралығында Қытайда және  II Түркі универсиадасы 24-29 қыркүйек аралығында Түркістанда өтеді.