Орындалды! Торайғыров университеті @accent.pavlodar. дүкенімен бірлесіп өзінің брендтік тауарларын сатуды бастады.

 

- Бұл туралы біздің білім алушылар да, ЖОО қызметкерлері де көптен бері сұрап келеді. Енді олардың әрқайсысында ToU брендімен киім мен түрлі аксессуарларды сатып алу немесе тапсырыс беру мүмкіндігі болады. Бұл Торайғыров университетінің танымалдылығын арттыру және біздің жоо-ны Қазақстанда және шетелде танымал ету үшін пайдалы болатынына сенімдімін. ToU - дағы жаңа нүкте студенттер мен қызметкерлердің қарым-қатынасы мен нетворкингі үшін жайлы орын болады деп сенемін, онда өзіңізге және жақындарыңызға сыйлық сатып алуға болады, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Брендтің негізін қалаушы Дихан Аманжолов сенімі үшін ризашылығын білдіріп, жемісті ынтымақтастыққа үміттенетінін атап өтті. Дүкеннен бір студентке оқу гранты, сондай-ақ әр факультетке сыйлық сертификаттары берілді.