Торайғыров университетінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, ӘМСҚ Павлодар облысы бойынша филиалының және БЖЗҚ өкілдерімен кездесу өтті. Торайғыров университетінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, ӘМСҚ Павлодар облысы бойынша филиалының және БЖЗҚ өкілдерімен кездесу өтті.  

 

Сарапшылар әлеуметтік төлемдер нормаларының өзгеруі туралы айтты. Енді жұмысынан айырылу бойынша төлем орта есеппен 13% - ға ұлғайтылды, сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала 1,5 жасқа толғанға дейін тағайындалады. Сонымен қатар, Павлодар облысы бойынша 7599 алушыға төлем мерзімі 1,5 жылға дейін ұзартылды. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда төлемдердің 8,5% - на ұлғайтылды. 
Сондай-ақ, төлемдерді қайта есептеу, арттыру және ұзарту автоматтандырылған режимде жүргізілетінін атап өтті.