Торайғыров университетінде "Солтүстік-Шығыс Қазақстан экологиясының өзекті проблемалары" атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
- Павлодар облысында өндіріс ошақтары көп. Сондықтан, біз қоршаған ортаның жағдайы және ғылым тұрғыдан табиғат қорғау қызметі туралы айтуымыз керек. Ең бастысы, экологиямызды қорғау әлемінде қолданылатын үздік технологиялар мен тәжірибелерге сүйенуіміз керек. Сондықтан, бүгін біздің диалогқа Ноттингем университетінің қауымдастырылған профессоры Хафес Абдо, Загреб университетінің профессоры Младен Кучинич және «СибБиоФарм» биокомбинаты басшысының орынбасары Александр Швыдков және тағы басқа ғалымдар қатысты, - дейді ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстан, жақын және алыс шетелдердің танымал ғалымдарының баяндамалары ұсынылды. Олар экологиялық мәселелерді шешу бағытындағы ғылыми мәліметтерді қарастырды. Оның ішінде жинау технологиялары, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және жою, экологиялық мониторинг, кәсіпорындардың экологиялық аудиті, топырақ және өсімдіктік жабындыларының
деградациясы тақырыптары бар.
Айта кетейік, 2022 жылы ЮНЕП жаһандық экологиялық проблемалармен байланысты бірқатар бағдарламалар мен конференциялар өткізді. Бұл - климаттың өзгеруімен күресу, химиялық заттар, қоршаған ортаның ластануы, табиғатты қорғау қызметі, қоршаған ортаны пайдалануды бақылау мәселелері.
Кездесу қорытындысы Торайғыров университеті мен «Сибиофарм» ЖШС өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоюымен аяқталды. Құжат негізінде оқытушылар, студенттер мен білім алушылар үшін тағылымдама ұйымдастыру, қолданбалы әзірлемелер бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары атқарылады.