Торайғыров университетінде қазақтың күйші композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай шара өтті. 

 

 

Іс-шараның қонақтары ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик,  Торайғыров университетінің профессоры Шахимардан Әбілов, Павлодар облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының бөлім басшысы Батырбек Қайыр, Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның Рүстембек Омаров атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Торайғыров университетінің Орындаушылық өнер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Талғат Кәрімов. 

- Құрманғазы Сағырбайұлы өз арманына адалдықтың нағыз үлгісі. Ол бала кезінде домбыраны қолына алып, сол кезде музыкант болатынын түсінді. Отбасының кедейлігі де, жақындарының тыйымдары да оны мақсатынан бас тартқыза алған жоқ. 16 жасында ол туған ауылынан кетіп, ел аралап музыкант болды. Бүгін біз Құрманғазының авторлығымен жазылған 60 күй білеміз. Сонымен қатар, ол сол кездегі басқа да танымал музыканттарға тәлімгер болды, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов. 

Іс-шарада университет студенттерінің орындауында "Сарыарқа", "Түрмеден қашқан", "Балбырауын", "Адай" және басқа да  күйлер орындалды. 

Шығармашылық кешті студенттік филармония Beisembayev library-мен бірлесіп өткізді.