Бірнеше жылдан бері "Атамекен" ҚР кәсіпкерлер палатасы еліміздің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін жасап келеді.

 

Деректерге сәйкес, біздің ЖОО-ның 15 білім беру бағдарламасы ел бойынша ТОП-5-ке кірді, оның ішінде бірінші орын – қазақ филологиясы, орыс филологиясы, биология, экология, органикалық заттардың химиялық технологиясы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, шетел филологиясы, мемлекеттік және жергілікті басқару, география, сәулет ББ бар.

Рейтинг қорытындысы бойынша ЖОО түлектерінің жалақысы айтарлықтай өскені байқалады, мысалы, "Органикалық заттардың химиялық технологиялары" білім беру бағдарламасының 2022 жылғы түлектерінің орташа жалақысы 334072 теңгені, ал 2021 жылы 263715 теңгені құрады.

"Атамекен" палатасының рейтингі - оқу орындарын саралаудағы жаңа бағыт, оның мақсаты академиялық әлем мен еңбек нарығын кадрларды неғұрлым ұтымды даярлау үшін жақындастыру болып табылады.

ЖОО түлегінің мансаптық перспективалары, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, ЖОО-ны бітіргеннен кейін жұмыс іздеу ұзақтығы және орташа жалақы көрсеткіші, оқытушы-практиктердің, шетелдік оқытушылардың саны, оқу орнын аккредиттеу, жұмыс берушілердің сараптамалық бағасы және т. б. мәселелер талқыланды