ЖОО сайтында "Идеялар фабрикасы" атты жаңа жоба іске қосылды. Мұнда студенттер де, университет қызметкерлері де өз ұсыныстарын, университеттің дамуы бойынша өз көзқарастарын қалдыра алады. 

Бұл идеяны құрудың бастамашысы HR-қызметі болды.

 

​​

 

- "Идеялар фабрикасы" жобасы - жоғары оқу орнының қызметкерлері мен білім алушылары арасындағы қарым-қатынастың жаңа тәсілі. Айта кету керек, платформа шағымдар қалдыруды қамтымайды, өйткені бұл үшін басқа платформалар бар, яғни ректор блогы, қызметтер блогы және әлеуметтік желілер. Біз жаңа сындарлы идеялар мен ұсыныстарды күтеміз. Нысанды толтырыңыз, барлық идеялар Ғылыми кеңесте қаралады, мүмкін сіздің идеяңыз ЖОО-да жүзеге асырылады,-деп атап өтті HR-қызметінің директоры Анар Жәкішева.