Торайғыров университетінің ұжымы гимназияны мерейтойымен құттықтады. 85 жылдыққа орай Ертіс өңірінің ақын-жазушылары мен публицистерінің қаламынан туған 38 кітап сыйға тартылды.

 

- Ұлттық білім беру, халықаралық стандарттарға сай оқу, білікті оқытушылар, дарынды шәкірттер – бұның бәрін гимназиядан табуға болады. Тарихы бай мектептің Абай сияқты ғұламаның есімін алуы заңды құбылыс деп білемін, - деді Асайын Байханов.
- Абай атындағы гимназия – Торайғыров университетінің байырғы серіктесі. Бұл оқу орны  жоғары білікті ұжымымен танымал. Осы жерден мыңдаған дарынды бала түлеп ұшты. Бұл  ұрпақтар сабақтастығы мен мектеп ішіндегі игі дәстүрлердің болуын дәлелдейді. Дарынды түлектер, мақтан етер шәкірттер – бірінші кезекте ұстаздардың еңбегі. Ұжымға тарту етілген кітаптар коллекциясы ұстаздар мен оқушылардың игілігіне жарайды деген сенімдемін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов. 
Айта кетейік, Абай атындағы гимназия Торайғыров университетімен ұзақ жылдар бойы серіктестік қарым-қатынаста.