Торайғыров университетіне Палацк университетінің магистранты Ян Брзобогаты білім алуға келді. Ол Erasmus + бағдарламасы бойынша Азия елдері және қазақ әдебиетін оқуға келді. 

 

​​​

​​

​​​​​​

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып, Чехиядан келген магистрант Павлодар жоғары оқу орнын өзі таңдады. Мұнда ол "Азиатистика бойынша маманданған қытай тілі мен мәдениеті" мамандығы бойынша үш айлық оқудан өтеді. Сонымен қатар, шетелдік ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуге шешім қабылдады. Атап айтқанда, қонақты Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің шығармалары қызықтырады.

- Біз Еуропадан келген студенттер мен магистранттардың өз бағытында жаңа білім алу және Қазақстан мәдениетін зерттеу үшін ToU-ды таңдағанына өте қуаныштымыз. Біз әрқашан шетелдік қонақтар үшін ашықпыз және оларға оқуда да, күнделікті өмірде де көмектесуге дайынбыз. Бүгінгі таңда біздің университет шетелде танымал бола бастады. Бұл болашақта басқа елдерден келетін студенттер мен магистранттар ағынының өсетінін білдіреді, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

ToU және Палацк университеті 2014 жылдан бері серіктес болып келеді. Бұл ынтымақтастық профессорлардың қонақ дәрістерін және студенттердің екіжақты ғылыми тағылымдамаларын қамтиды. Жалпы, Торайғыров университеті 100-ден астам жоғары оқу орындарымен белсенді өзара серіктестік қызмет жасайды.

Айта кетсек, тек 2022 жылы  бізде Нигерия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Германия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Украина, Израиль, Грузия, Ауғанстан, Ирак және т. б. елдерден 239 шетелдік студент тұрақты негізде оқыды.