Торайғыров университетінің құрметті деканы,  т.ғ.к, академик, профессор Төлеуғазы Тоқтағановқа Павлодар облысының құрметті азаматы атағы  берілді.

 

 

Облыс әкімі Асайын Байхан профессорды лайықты марапатымен құттықтады. 

- Аға буын өкілдерін құрметтеу, пікірлеріне құлақ асу - халқымызға тән ерекше қасиет.  Ол азаматтар адал еңбегімен, жайсаң мінезімен өз істеріне адал бола білді, - дейді  облыс әкімі. - Мен өз жұмысымда ақсақалдардың пікіріне сүйенемін. Баршаңызға жаңа жылдарыңызбен! Зор денсаулық пен қуаныш тілеймін! 

Төлеуғазы Төкілұлы - Торайғыров университетінің негізін қалаушы ардагер-ақсақалдардың бірі.  Ол жыл сайын факультетті дамытуға барын салды. Торайғыров университетінің машина жасау, металлургия және көлік салаларындағы 
бірегей ғылыми мұрасын сақтауға барын салды. 

Сонымен қатар, Төлеуғазы  Төкілұлы облыс, қала мен еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласып келеді. Ол Павлодар қаласының құрметті азаматы, көптеген марапаттары мен атақтары бар.