Торайғыров университетінде облыстық полиция департаменті қызметкерлерін оқытудың екінші кезеңі өтті. Құқық қорғау органдары полицияның сервистік моделі аясында «Заң хаты» тренингінен өтті.

 

Курстарды Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Ольга Дубовицкая өткізді.

- Полиция қызметкерлері заңдарды жақсы біліп қана қоймай, оларды дұрыс түсіндіріп, халыққа жеткізу керек. Ол үшін құқықтық тілдің (ауызша және жазбаша) дағдыларын меңгеру қажет: сөйлеудің дәлдігі, тазалығы, дұрыстығы мен мәнерлілігі тұрғысынан құқықтық коммуникацияны жүзеге асыру, сондай-ақ ауызша және жазбаша сөйлеуді дәлелді түрде құру қажет, - деп атап өтті Ольга Дубовицкая.

Тренинг тек теориялық қана емес, сонымен қатар құқықтық сөйлеуді құрайтын практикалық компоненттерді де біріктірді.