Торайғыров университетінің Көлік техникасы және логистика кафедрасының аға оқытушысы Рамис Зарипов "Ғылым" номинациясы бойынша "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына ие болды. Грантты лауреатқа Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қадырәлі табыс етті.

 

Биылғы жылы "Тәуелсіздік ұрпақтары" сыйлығы ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес және БАҚ салаларында үздік деп танылған жеңімпаздарға табысталды. Айта кетейік, бұл сыйлықты 2021 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған болатын. Конкурстық өтінімдерді қарағаннан кейін олардың жобаларын іске асыру үшін жастарға 3 миллион өтеусіз грант беріледі.