Торайғыров университетінде Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы мүшелерімен кездесу өтті. 


Қоғам өкілдері ғылыми зиялы қауым өкілдерімен сайлауалды платформа бойынша әңгіме қозғады. 
Кездесуге Азат Перуашев, Ермұхамед Ертісбаев, Ерлан Барлыбаев, Бану Нұрғазиева, Вера Ким, Ақерке Барлыбай, Шахимардан Әбілев, Ернұр Әйткенов, Нұржан Жетпісбаев қатысты. Университет ректоры Еркін Садықов шара модераторы болды.
РҚШ мүшелері #Toqaev2022 сайлауалды бағдарламасының мақсат-міндеттері туралы айтты: "Әділ Қазақстан" тезистерінің бірінде стратегиялық мақсат - әділ мемлекет құруда, онда шешімдер халық пен биліктің пікірі негізінде шешіледі делінген. 
- Студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттік жатақхана орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешу мен шәкіртақы көлемін арттыру туралы айтылған міндетін жылы қабылдады. Ең бастысы, ол жастар тарапынан қолдау іздеп, жас буын өкілдерін қазақстандықтардың өмірін жақсарту жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырады. Бүгінгі жастарға мұндай міндетті орындау қиын болмайды. Олар қуатты, идеяларға толы және дамуға тырысады, - дейді Еркін Садықов.