Торайғыров университетінде ЖОО ректорымен есептік кездесу өтіп, өткен оқу жылының қорытындысы шығарылды. 


- Соңғы үш жыл ішінде оқуға түскендер саны 11%-ке өсті. Талапкерлер арасында ҰБТ орташа баллы 69,8-ден 73,52-ге дейін айтарлықтай көбейді. Оқу орны білім беру қызметі бойынша 58 лицензиямен жұмыс істейді. ToU 195 оқу бағдарламасын жүзеге асырады, - деді ЖОО ректоры Еркін Садықов.

 Торайғыров университетінің статистикасына сүйенсек, түлектердің 92%-ы жұмысқа орналастырылған, ал 300 адам оқу орнының серіктес кәсіпорындарында жұмыс істейді. 

Ректор атап өткендей, 600 орындық студенттік кампус ашылады.  Оқу корпустарының барлығында арнайы пандустар орнатылған. 

Кездесу қорытындысы бойынша алдағы мақсаттар туралы әңгіме қозғалды. Олардың қатарында профессорлық-оқытушылық құрамды нығайту, ғылыми қызметтің кірістерін ұлғайту және жұмыс берушілерді оқу үрдісіне тарту жұмыстары бар.