Tорайғыров университетінде  қазақтың ұлы тұлғалары Талғат Бигелдинов пен Мәншүк Мәметованың 100 жылдығы аталып өтті. 

Шараны «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымының өкілдері өткізді. 


Ұйым атынан патриоттық тәрбиені дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше павлодарлық Талғат Бигелдиновтың ғасырлық тойына арнайы жасалған мерейтойлық медальдермен марапатталды. Марапатқа ие болғандардың қатарында қоғамдық патриоттық бірлестік ұйымдары мен журналистері бар.

«Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майор Махмұт Телегусов өз сөзінде жиналғандарды мемлекеттік тұтастығы мен келісімді сақтау, жаңа мемлекетті құруға шақырды. 

ToU ректоры Еркін Садықов өткен ғасырдың 40-шы жылдарының басында мыңдаған отандастарымыз Отан қорғау үшін майданға аттанғанын атап өтті. 
«Ұлы ата-бабаларымыздың арқасында біз еркін және гүлденген елде тұрамыз. Батырларымызға тағзым ету үшін біз бейбітшілікті сақтауымыз керек».