Қазақстан аумағында алғашқы қабыршақ қанатты Trichosea ludifica (Linnaeus, 1758) көбелегі табылды. Бұл туралы мақаланы ҚР БжҒМ комитетінің зоология институтының ғалымдары жариялады. 

 

Көбелекті Торайғыров университетінің ғалымы Сергей Титов Алтай мемелекеттік университетіндегі әріптесі Антон Волынкинмен Батыс Алтай (ШҚО) аумағынан тапты.

Жәндік орналасқан ең жақын жер Орыс Алтайының орталық бөлігі саналады.

Қазақстандық Trichosea Ludifica орман зонасының төменгі шекарасындағы батыс қырат маңынан табылды. Бұл түрі әдетте күңгірт қылқан жапырақты таулы және аралас ормандарда тіршілік етеді. Қазақстан жерінде бұл жәндікке ұқсас  Colocasia coryli ғана кең тараған.