Торайғыров университетінде саяси қуған-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында дөңгелек үстел өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының жастары қатысты.

 

Саяси репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссия мүшесі, саясаттану ғылымдарының докторы, ҚХА кафедрасының меңгерушісі Арман Ақышев оқушылар мен студенттер алдында сөз сөйледі. Ғалым кеңестік тарихтың қайғылы кезеңі туралы, нақтырақ айтқанда, 20-30 жылдардағы ашаршылық туралы айтып берді. Сонымен қатар, 1920-1950 жылдардағы саяси репрессияның қазақ ұлтының зиялы қауымы, Қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған ұлттардың тағдырына әсері туралы әңгіме қозғады.

Кездесу барысында жиналғандар бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу өскелең ұрпақ тәрбиесінде аса маңызды.