Торайғыров университетінде металлургия бойынша бірінші отырыс өтті. Кеңес алдында ғылым кандидаттары мен докторлары диссертацияларын қорғайды. 

 

 

Алғашқы жұмыс отырысын ЖОО ректоры Еркін Садықов ашты. Ректордың айтуынша, металлургия - бүгінгі таңда отандық экономиканың жетекші салаларының бірі, сондықтан, бұл бағытқа баса назар аудару керек. 

- ToU түрлі тәуелсіз рейтингтерде көшбасшы. Мәселен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының рейтингінде университет екінші орында. Рейтингтің негізгі критерийлерінің бірі – түлектерге деген сұраныс. Бұл сұранысты нағыз инновациялық және кәсіпкерлік оқу орны ғана қамтамасыз ете алады. Ал өндіріске келетін түлектер қажетті дағдыларға ие болулары шарт. Металлургия бойынша диссертациялық кеңестің болуы – университет позицияларын бекітуге бағытталған кезекті қадам. Мүшелерге табысты және тиімді жұмыс тілеймін, - деді Еркін Садықов. 

Металлургия кафедрасының меңгерушісі Мерхат Сүйіндіков дисскеңестің құрылуы тарихи оқиға екенін тілге тиек етті. 

- Бұрын біздің оқу орнында диссертациялық кеңес болған жоқ. Сондықтан, бұл кеңес – алғашқы қарлығашымыз. Жұмысымыз белсенді жүгізіледі деген сенімдемін. 

Кеңес құрамында үш тұрақты және үш уақытша мүше болады. Алғашқы отырыста PhD докторы атағын алуға Арай Жақыпова қорғады.