Торайғыров университетінде жас ғалымдар кеңесінің президиумына сайлау өтті.

Дауыс беру арқылы биотехнология кафедрасының аға оқытушысы Нұрсұлтан Кайниденов кеңес төрағасы, ал электр энергиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Александр Барукин кеңес төрағасының орынбасары болып сайланды.

 

- Кеңес жұмысы бірінші кезекте жас ғалымдарды қолдауға бағытталады. Басты мақсат - жастар арасында ғылымды насихаттау, ғалымдарды өзекті мәселелерді шешуде біріктіру, - дейді Нұрсұлтан Кайниденов.

- Университет басшылығының кеңес жұмысын жаңарту туралы шешімі аса маңызды. Менің ойымша, әрқашан даму ғылыми қызметтің табысты болуының кепілі болады, - деп атап өтті Александр Барукин.