Торайғыров университетінің студенті «Как прекрасен этот мир» атты студенттер мен оқушылар арасындағы ІІ Бүкілресейлік зерттеу, жобалық және ғылыми-әдістемелік байқауында екінші орынға ие болды. 

 

Байқауға 168 студенттік жоба ұсынылды. Карина Асаинова «Қазақстанға депортациялау тарихынан» (Павлодар облыстық мұраға т материалдарынан) тақырыбындағы жұмысын ұсынды. 
Каринаның жұмысы департациялаудың аймақтық сипаттамасын зерттеумен ерекшеленді. Қазақстан аумағына, нақтырақ айтқанда, Павлодар облысына түрлі ұлт өкілдерінің ондаған мыңы көшірілді.  Облыстық мұрағаттың материалдары жобаның ғылыми жағын аша түсті. 

Еске сала кетсек, Карина Қазақстан тарихы пәні бойынша өткен республикалық олимпиадада екінші орынға ие болған.