Үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында Конституцияға өзгертулер енгізу бойынша жалпыреспубликалық референдум өткізуді ұсынды. Кейін мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев референдумды 5 маусымда өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. 

 

 

Референдум соңғы рет 1995 жылы өтті. 

Айта кетейік, ел Ата заңына бұған дейін енгізілген өзгертулерді Парламент енгізген еді.

Толықтырулар негізгі заңның 33 бабына қатысты болмақ. Осылайша, Конституцияның үштен бір бөлігі жаңарады. 

Ең маңыздысы, референдум бойынша шешім қабылдауға халық қатысады. Шара әр қазақстандыққа Қазақстанның болашағын айқындауға мүмкіндік береді. 
Парламент мәжілісінің депутаттары Гаухар Нұғманова мен Мегеррам Магеррамов бүгін білім беру саласы қызметкерлерімен кездесті. Негізгі міндет- конституциялық реформалармен таныстыру. Суперпрезиденттік модельден республикалық модельге көшу, биліктік құзыреттіліктерді қайта құру, Парламенттің мәртебесін өзгерту және рөлін өзгерту, халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуы, азаматтардың құқықтарын қорғау механизмдерін күшейту жөнінде сөз қозғалды.